Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі

Музей туралы

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  «Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

Музей  2004 жылы Қандыағаш қаласынан бар болғаны 636 жәдігермен ресми түрде іске кірісіп қалың көрерменге өз есігін ашқан болатын.

2013 жылдың 28 желтоқсан күні Ақтөбе облысы әкімінің № 423 қаулысына сәйкес «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Музейдің бірінші қабатында әкімшілік, конференц-зал, музей қорының сақтайтын бөлмелер орналасқан.  

Қоры 5753 жәдігермен мақтанатын  рухани мәдени орданың директоры  болып Ақтөбе  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының 06.08.2026  №79 ж/қ бұйрығымен  Ешова Нұрбақыт Қосаумырзақызы  тағайындалды.

Қазіргі таңда жалпы аумағы 510,6ш,м құрайтын 7 экспозициялық залдары бар.

Музейдің ғылыми - экспозициялық көрме залдары өлке хронологиясы бойынша жасақталған. Жәдігерлер, құжаттар,  нақты  архивтік деректер бойынша  дәлелденген.

    Музей жұмысына қажетті материалдық – техникалық  құралдармен жабдықталған.